Ағылшын футболының аңызы Уэйн Руни Чемпионшипте "Дерби Каунти" командасы жейдесіндегі алғашқы матчын өткізді. Руни 26-турда "Барнсли" командасына қарсы кездесуде тайм түгесілер тұста, ойынның 45-минутында әріптесі Джек Мэрриотқа нәтижелі пас берді.
Матч 2:1 есебімен "Дербидің" пайдасына аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Уэйн Руни "Дерби Каунтимен" жазда келісім-шартқа қол қойған еді. Ол бір жағынан ойыншы міндетін, бір жағынан бас бапкердің көмекшісі міндетін атқаратын болады.
Біздің серіктес: FONBET