Бүгін аталған ұйымның ресми сайты ЕУРО-2020 турниріне билеттер сатудың алғашқы кезеңінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін хабарлады. УЕФА-ға бас-аяғы 19.3 млн. билетке тапсырыс түскен. Бұл әлі билет сатудың алғашқы сатысы ғана.
Айта кетейік, келесі жылы өтетін кәртамыс құрлықтың басты доп додасы көлемі жағынан ең ауқымды болғалы тұр.
- Жалпы алғанда ойындар Еуропаның 12 қаласында өткелі жатыр.
- Маусымның 12 мен шілденің 12 аралығында 1,5 млн. билет сатылған.
- Қазіргі көрсеткіш 2016 жылғы бәскенің алдындағы уақытпен салыстырғанда 2 есе көп.
Міне, қызық...
- Негізі ЕУРО-2020 додасы аясында 51 ойын өтеді. Жанкүйерлер арасында 2020 жылдың 12 шілдесі күні Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтетін финалдық ойынға қызығушылық жоғары. Қазірдің өзінде бұл ойынға 1,9 млн. билетке ұсыныс түскен. Ал бұл дегеніңіз стадионның сыйымдылығынан 22 есе көп.
- Ал 12 маусым күні Римдегі "Олимпико" стадионындағы тұсаукесер ойынға 540 мың тапсырыс түсіпті. Бұл стадионның сыйымдылығынан 8 есе артық.
- Финал мен жартылай финалдық матчтарды есептемегенде Мюнхен мен Амстердамда өтетін топтық кезең ойындарына қызығушылық жоғары.
- Жалпы ЕУРО-2020 турнирін тамашалауға әлемнің 213 елінің тұрғындары ұсыныс өткізген. Демек, бұл форматқа ие болған бәсеке жаһандық сипатқа ие болып отыр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.