sports.kz сайтының ганалық Ghanasoccernet.com сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, "Астананың" шабуылшысы Патрик Твумаси "Алавес" клубымен келісім-шарт жасауға дайындалып жатыр.
Басылымның мәліметінше, қазақстандық және испан клубының арасындағы келіссөздер жаңа бір сатыға көтеріліп, ойыншы медициналық тексеруден өту үшін Испанияны бет алыпты. Сонымен қатар, ойыншы жаңа клубымен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасайды.
Бұған дейін испан БАҚ-ы трансфердің құнын 3 миллион еуро шамасында деген ақпараттар таратқан болатын.