Жарнама
Жарнама

Түркістандық клуб өз жұмысын тоқтатты

24.03.2021, 02:35
Команда өткен маусымда Екінші лигада өнер көрсеткен болатын.
Жарнама
Жарнама

Түркістан облысындағы "Темірлан" атты футбол клубы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Команда 2020 жылдың басында жасақталған болатын. Клуб Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан деп аталатын ауылдың атынан өнер көрсетеді. Өткен жылы команда Екінші лигада тәжірибелі маман Шайзидин Кенжебаевтың басшылығымен дебют жасап, өз тобында екінші орынға ие болды.

Бір кездері дәл осы "Темірлан" клубы ҚПЛ-да Түркістан облысының намысын қорғайтын үміткер ретінде қарастырылды. Команданың негізін қалаушы, сол кездегі Ордабасы ауданының әкімі, Түркістанның экс-әкімі және облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Әліпбек Үсербаев өткен жылдың сәуір айында қайтыс болды.

Ордабасы өңірінің жаңа басшылығы мен орынбасарларына кәсіби клуб қажет емес еді. Билік жасөспірімдер футболына және ұлттық спорт түрлеріне баса назар аударуды шешті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров