Түркістанның «Тұранын» жаңа маусымға дайындап жатқан Виталий Жуковский Қазақстан мен Беларусь біріншілігінің бірнеше тұстарын салыстырып, қос біріншіліктегі легионерлер саясатына тоқталды.
«Чемпионаттарды салыстыру өте қиын, себебі бұған көптеген фактор бар. Легионерлер саны азайса, онда біріншіліктің деңгейі де бірден төмендеп кетеді. Бұл деген сөз шетелдіктердің кетуі жалпы чемпионаттың деңгейіне үлкен әсер етеді. Қазір бізде Беларусьте алаңда 4 легионер доп тебеді. Жалпы командада олардың санының 6-7 екені түсінікті, бұдан артық ұстаудың мәнісі де жоқ шығар.
Ал ҚПЛ-де олардың саны анағұрлым көп, сол үшін чемпионаттың деңгейі де Беларсьтен жоғары. Меніңше, дәл қазір Қазақстанда футболды дамытуға қажетті жағдай жасалған, әйтсе де инфрақұрылымды жасамаса болмайды. Онсыз алысқа кете алмасың анық. Десек те, қазір бұл жағынан мұндағы жағдайдын жақсарып келе жатқанын көремін», - деді В. Жуковский.
Айта кетейік, Беларусь бапкері өткен маусымда «Атыраумен» «қпл» -де 7-орын алып Қазақстан Кубогінің финалына дейін жете алған болатын. В. Жуковский «мұнайшыларды» 2022-жылдан бері дайындап келген. Оған дейін беларусияның «Ислочь», «БАТЭ» секілді бірнеше командасын тізгіндеді.
Біздің серіктес: FONBET