Мәскеудің ЦСКА клубы кеше "Локомотивті" жеңіп Ресей Суперкубогінің иегері атанды.
Кездесу Нижний Новгород қаласында өтіп, қосымша уақытта соғылған голдың нәтижесінде армияшылардың жеңісімен аяқталды (1:0). Жалғызголдың авторы Хетаг Хосонов (106-шы минут).
ЦСКА Ресей Суперкубогін ең көп жеңген команда болып табылады. Олар бұған дейін 2004, 2006, 2007, 2009, 2013 және 2014 жылдары да Суперкубок иегері атанған.