Жарнама
Жарнама

ЦСКА клубы жаңа бас бапкер тағайындады

23.03.2021, 21:44
ЦСКА соңғы төрт матчта үш рет жеңілді.
Жарнама
Жарнама

ЦСКА өзінің ресми сайтында бас бапкер лауазымына Ивица Оличтің тағайындалғанын жариялады. Хорватиялық маман жұмысқа бүгін, 23 наурыздан бастап кіріседі.

Олич ЦСКА-да 2003 жылдан 2006 жылға дейін футболшы ретінде ойнады. 41 жастағы Хорватиялық футболшы ресейлік клуб жейдесінде 112 матч өткізіп, 41 гол соқты. Ол соңғы кездері Хорватия құрамасының жаттықтырушылар штабында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.

40 ұпай жинаған ЦСКА Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр. ЦСКА соңғы төрт матчта үш рет жеңіліске ұшырады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров