CIES Football Observatory зерттеу орталығы өз сайтында әлемдегі трансферлік құны жоғары футболшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Көш басындағы орнын "ПСЖ" мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе сақтап қалды. Француз дәл қазір 265,2 млн. еуроға бағаланып отыр. Ал 2-орында "Манчестер Сити" мен Англия құрамасының сұрмергені Рахим Стерлинг (223,7 млн. еуро), 3-орында "Ливерпуль" мен Египет құрамасының шабуылшысы Мұхаммед Салах (175,1 млн. еуро) тұр.
Бұл рейтингте Лионель Месси ("Барселона") мен Криштиану Роналду ("Ювентус") кәдімгідей арзандаған. Месси (125,5 млн. еуро) 8-сатыға жайғасса, КриРо (80,3 млн. еуро) 49-орыннан бір-ақ шығыпты.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET