Лондонның "Тоттенхэм" клубы Еуропаның ең ірі бес біріншілігінің жазғы ауыс-түйіс кезеңінде қатарына ойыншы тіркемеген алғашқы кәсіби футбол клубы.
Еуропадағы жазғы трансферлік кезеңі осы қалпында 2003 жылдан бері бекітілген. Сол уақыттан бері Англия Премьер-Лигасының бірде-бір клубы жазғы ауысу кезеңінде жаңа ойыншы алмаған кезі болмаған екен.
Кеше, 9 тамыз күні Англияның трансферлік кезеңі жабылған болатын. "Тоттенхэм" сапына бірнеше ойыншылардың ауысуы туралы сыбыстардың орын алғанымен, ешқандай ойыншы Лондонның дәл осы клубының қатарын толықтырмады. Тек, 19 жасар Кинэна Беннетс қана 2 миллион еуроға Менхенгладбахтың "Боруссиясына" сатылған болатын. Англияда трансферлік кезең 9 тамызда жабылғанымен, Еуропада 31 тамызға дейін ашық болады. Осы себепті "Тоттенхэм" сапынан ойыншылар сатылуы орын алуы да мүмкін.
"Тоттенхэм" жанкүйерлері ғана осындай жағдайға наразылықтарын білдіргенімен, бас бапкер Маурисио Почеттино жаңа ойыншыларға алып бара жатқан зәру еместігін жеткізген болатын.
"Тоттенхэмнің" трансферлік нарықта осынша әрекетсіздік танытуына 850 миллион фунт стерлингке жаңа стадионының құрылысы себеп болып отырған көрінеді.
Қарпық Ботпай