Қазақстан құрамасы мен «Тобылдың» қорғаушысы Роман Асранқұлов Meta-ratings.kz –ке берген сұқбатында ұлттық команданың өнері мен жанкүйерлер қолдауы жайлы айтты.
Қостанайлық ойыншы Қазақстан құрамасының табысты өнер көрсететініне сенімді.
«Деңгейлеріміздің әртүрлі екені түсінікті: мысал үшін, сол Аустрия мен Словенияның футболшылары топ-5 біріншіліктерінде доп тебеді және көп мөлшерде ойын тәжірибесін алады. Бұл деген мүлде бөлек деңгей. Бірақ команданың ауызбірлігі мен ынтымағының арқасында мықты құрамалармен бәсекеге түсе аламыз. Жеңілмейтін команда жоқ.
Иә, бұл матчтар біздің пайдамызға шешілмеді, алайда, бұл енді еңсе тіктей алмаймыз деген сөз емес. Бүгін қарсылас жеңсе, ертең біздің кезегіміз келеді. Мүмкін біз топ құрама саналмайтын шығармыз, бірақ бізде ауызбырлігі күшті команда, елімізге деген махаббат пен сенім бар және жанкүйер қолдауына арқа сүйейміз. Олар команданы әрдайым қолдап, қамшылай түседі, сондықтан, алдағы уақытта Қазақстан тек қана күшейе түседі деп сенемін. Жетістіктен үміттімін», - деді «Тобылдың» капитаны.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің өткен маусымында Р. Асранқұлов қостанайлық клуб сапында 22 матчта өнер көрсетіп, голдық үш пас шығарған болатын. Сондай-ақ, ұлттық құрама жейдесінде жасыл алаңда 2 ойында бой көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET