Осы қыста шотландияның «Хартс» клубы «Тобылға» Ислам Чесноковқа байланысты нақты ұсыныспен шыққан көрінеді
Алайда, тараптар мәмілеген келе алмаған. Бұған қостанайлық команданың жартылай қорғаушының трансфері үшін жоғары баға сұратқаны себеп болған. Бұл туралы Vesti.kz мәлімдеген болатын.
Қазақстан құрамасының футболшысының өзі Эдинбург қаласының клубына ауысудан кетары емес. Алайда, белгілі себептермен трансфер жақын арада іске аспайтын секілді. Енді И. Чесноков еуропаға кету жағын жазда қарастырмақшы. «Хартс» қостанайлық ойыншыны Шотландия чемпионаты аяқталған кезде яғни жылдың ортасына таман тағы алуға тырысады делінген.
Ислам Чесноков ҚПЛ-дің өткен маусымындағы 21 матчта 10 доп соғып, 5 ассист берген. Сондай-ақ, Өскемен футболының түлегі былтырғы маусымның қортындысы бойынша премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 800 мың еуро. Чесноковтың «Тобылмен» келісімшарты биыл қазанның 31-не дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET