Жарнама
Жарнама

«Тобыл» футболшылар мен клуб қызметкерлеріне қарыз екенін мәлімдеді

28.02.2021, 17:04
Футболшылар қаңтар мен ақпан айының жалақысын алмаған екен.
Жарнама
Жарнама

Қостанайлық «Тобыл» футбол орталығының жаттықтырушылары мен кеңсе қызметкерлерінің алдындағы қарыздарына қатысты мәлімдеме жасады.

«Тобыл» футбол клубы 2021 жылы тек футбол орталығының жаттықтырушылар құрамына ғана емес, кеңсе қызметкерлеріне, футболшыларға және бірінші команданың жаттықтырушыларына да қарыз екенін мойындайды.

Бұл елдегі футбол клубтарын қаржыландыруды оңтайландыруға байланысты. Оңтайландыру туралы ресми хабарлама ақпан айының соңында ғана келді, бұл төлемдердің кешігуіне себеп болды.

Жалақы мамыр айында төленеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жақын уақытта клубтың, футбол орталығының мамандары барлық қажетті төлемдерді алады», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров