Қостанайдың "Тобыл" ФК грузиялық "Самтредиа" клубын өз алаңында да жеңді.
Қостанайлықтар қақпаларына гол жіберместен, Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің жолдамасын иеленді. Қостанайдағы ойында 2:0 есебімен жеңіске жеткен жерлестеріміздің сапынан әр таймда бір голдан Бауыржан Тұрысбек пен Аслан Дарабаев салды.
"Тобыл" (Қазақстан) - "Самтредиа" ( Грузия) - 2:0
Голдар: Бауыржан Тұрысбек 11, Аслан Дарабаев 83.