«Тобыл» сырт алаңда «Самтредианы» 1:0 есебімен ұтты.
Қостанайлық «Тобыл» Еуропа Лигасының бірінші квалификациялық раундында грузиннің «Самтредиасын» қапы қалдырды. Голдың авторы Максим Федин (90 минут).
Қарымта кездесу 19 шілде күні Қостанайда өтеді.