Жарнама
Жарнама

"Тобыл" аргентиналық шабуылшымен толықты

17.07.2018, 15:11
Жарнама
Жарнама
"Реал" мен "Ливерпуль" сапында доп тепкен шабуылшы Хуан Лескано Қостанайдың "Тобылына" ауысты. Sports.kz басылымының хабрлауынша, 25 жасар аргентиналық қостанайлықтарға бір жылға жалға берілген. Жақын күндері "Тобыл" сапына тіркелуі тиіс ойыншының иесі Махачкаланың "Анжи" клубы. Хуан Лескано жас күнінде "Реал" мен "Ливерпуль" құрамында доп тепкенімен, ересектер арасында ондай жетістіктерімен ерекшеленбеген. Аргентиналық шабуылшы "Әл-Ахли" (БАӘ), "Лугано" (Швейцария), "Енисей", "СКА-Хабаровск" және "Анжи" (Ресей) клубтарында өнер көрсеткен.  
 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров