Opta порталының мәліметінше, Тимо бұл жетістікке жеткен XXI ғасырдағы алғашқы футболшы.
Бундеслиганың 16-турында Дортмундтың "Боруссиясы" - "РБ Лейпцигпен" кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті.
"Лейпциг" сұрмергені Тимо Вернер осы ойында дубль авторы атанды. Бұл Германия құрамасы ойыншысының осы маусымдағы 18-голы.
Осылайша, Вернер жаңа ғасырда 16-турға дейін неміс ойыншылары арасынан 18 гол салған тұңғыш футболшы атанды.
Соңғы көрсеткішті 1977-1978 жылдары 19 гол тоғытқан Герд Мюллер тіркеген.
Сонымен қатар, Тимо барлық турнирлерді қоса есептегенде биыл 24 ойын өткізіп, 23 гол, 9 нәтижелі пас берген. Ал жалпы үлкен футболда 303 ойында алаңға шығып, 155 гол, 59 нәтижелі пас берген.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET