«Манчестердің Юнайтед» пен «Манчестер Ситиде» де өнер көрсеткен 36 жасар «Бока Хуниорс» шабуылшысы Карлос Тевес Аргентина чемпионатында ең жылдам сары қағаз алған ойыншы ретінде тарихқа енді.
Албания мен Қазақстан ойынында (3-1) Олжас Керімжанов небәрі 10 секундта сары қағаз алып, Қазақстан құрамасының рекордын қойған еді. Тевес осы жаңалықтан мотивация алды ма, әйтеуір төреші ысқырық шалысымен іле-шала «Тальерес Кордоба» ойыншысы Томас Почеттиноның аяғына жүгірді. Сөйтіп бутсысының табанымен Томастың аяғын басып, төрешінің сары қағазымен марапатталды. «Бока Хуниорс» ойыншылары матч басын қалай дөрекі бастаса солай дөрекі аяқтап, екі бірдей қызыл қағаз алып, 0-1 есебімен жеңіліп тынды.
Біздің серіктес: FONBET