«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин премьер-лиганың бірінші турындағы «Астанаға» қарсы кездесу (1:1) жайлы ойын айтты.
Сондай-ақ, қазақстандық маман осы ойында алаңға шыққан алматылық команданың түлектері мен Дастан Сәтпаевтың өнеріне де тоқталды.
«Әрине, ерік-жігер таныта алғанымыз қуантады. Жеңіліп жатып, таразы басын теңестірдік. Біраз мүмкіндіктеріміз болған, бірақ жүзеге асыра алмадық, бұл футбол ғой, ондай жағдай болып тұрады. Одан кейін мұндай мықты қарсыласпен болған бәсекеде төрт бірдей түлегіміздің деп тепкені қуантады. Кейбірі тіпті дебюттік ойынын да өткізген. Жалпы, ойыннан жағымды әсер алдық. Сондай-ақ, Сәтпаев үшін де қуаныштымыз, ол өзінің алғашқы добын салды», - деген еді «Қайраттың» бас бапкері.
Айта кетейік, ҚПЛ-дің бірінші турындағы «Астана» - «Қайрат» кездесуінде Дастан Сәтпаев мергендік танытып, алматылық клуб сапындағы алғашқы добын соқты. Естеріңізде болса, 16-жастағы Дастан Сәтпаев «Челсимен» келісімшартқа отырды. «Қайрат» академиясының түлегі кәмелетке толғанша алматылық клуб сапында доп тебе тұрмақ. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысын 18-ге толғанша «Челсиден» келетін арнайы маман дайындап, жетілдіреді.
Біздің серіктес: FONBET