"Тараз" футболдан ел біріншілігінің төртінші туры аясында қарағандылық "Шахтерді" қабылдады. Тараз қаласындағы Орталық стадионда өткен матчта 4:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.
Ойынның 20-минутында есеп ашқан Фейд Обилор бірінші тайм аяқталар тұста дубль жасады. Қорғаушы екі голды да бұрыштамадан асырылған пастан кейін соқты. 51-минутта Педро Эуженио командасының үшінші голын соқты. Қосымша уақытта Ненад Адамович қақпашымен жеке дара шығып, ойынның нүктесін қойды.
"Тараз" бұл ойыннан кейін сегіз ұпаймен көш басына шықты. Ал қарағандылық ұжым соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET