Жарнама
Жарнама

«Тараз» ойыншылар алдындағы қарызға қатысты мәлімдеме жасады

23.10.2021, 16:36
Жамбылдық клуб алдағы уақытта бұл мәселенің шешілетінін хабарлады.
Жарнама
Жарнама

"Тараз" клубының баспасөз қызметі ойыншылар алдындағы қарыз бен футболшылардың "Жетісумен" болған матчқа қатысқысы келмегені туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

"Тараз" футбол клубының ойыншыларға қарызы туралы ақпараттарға байланысты мұндай жағдайлар Премьер-лигадағы көптеген командаларда да кездесіп отырған жайт екендігін хабарлаймыз. Дегенмен клуб әкімшілігі футболшылар алдындағы міндеттемелерін толық орындау үшін тиісті шараларды қабылдайды.

Ойыншылардың Талдықорған қаласында болатын кездесуге барғысы келмеуі туралы ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді. Команда толық құрамда сырт алаңдағы кездесуге аттанып, матчтың соңғы минутына дейін барын салып ойнады және жеңіске жетті", - делінген клубтың хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров