Еліміздегі танымал ваннерлердің бірі Мейіржан Төребаев "Қайрат" - Хапоэль (Беэр-Шева) арасындағы қарымта кездесу алдында қызықты үндеу жариялады. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында Мен егер "Қайрат" Еуропа лигасының 3-іріктеу кезеңіне шыға алмаса, шашымды сарыға бояймын. Сондықтан, 1 тамыз күні бәріміз Орталық стадионға жиналып, командамызды қызу қолдайық. Мен шашымды бояғым келмейді" -деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" 2-іріктеу кезеңі аясында бірінші ойында Беэр-Шева қаласының "Хапоэель" командасына түзде 2:0 есебімен ұтылып қалған еді. Енді келесі раундқа жолдама алу үшін Алматы командасы кемі 3:0 есебімен жеңіске жетуі тиіс.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET