Қазіргі уақытта "Ақтөбенің" басты қаһарманы да, лидері де бұл Маркос Пиззелли екендігіне ешкімнің күмəні жоқ шығар сірə.
Өйткені бұл тəжірибелі ойыншы қазіргі сəттерде батыстық "пентакампеондарды" алға жетелеп жүр.
Əр матчта керемет голдарымен көзге түсіп, командасына ұпайлар сыйлауда. Тіпті қазір Премьер лиганың 15-турынан кейін 9
гол соғып, сұрмергендер тізімінің тізгінін ұстады. Армениялық кей матчтарда
гол соғып көзге түспесе де, кемі командасының шабуылын əдемі бастап береді.
Осындай 33 жасында тəжірибесі мен шеберлігін ұштастыра отырып, командасының басты жұлдызына айналып отыр. Бұндай жаста қиын жағдайдағы команданы алға жетелеу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс!
Дайындаған Шыңғысхан Досмұхамбетов