Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің «Сутьеска» — «Астана» кездесуін отандық телеарна көрсететінін sports.kz сайты хабарлады.
«Qazsport» телеарнасы "Астананың" Чемпиондар лигасындағы екінші кездесуінен тікелей трансляциясын көрсетеді. Кездесу шілденің 18-нен 19-на қараған түні Астана уақытымен 00:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, "Астана" черногориялық "Сутьескаға" қарсы алғашқы ойынында 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.