Біле білсеңіздер Янис Хаджи - XX ғасырдағы Румынияның ең үздік футболшысы атанған Георге Хаджидің ұлы. Міне, қызық бұл қандай ұсыныс екен?
Ал енді бұл 20 жастағы дарынды футболшыны өз сапынан көру үшін Бухарестің "Стяуа" клубы келісім шатқа ерекше тармақ енгізбек. Ол тармақта егер Янис әкесі Георге Хаджи баптайтын "Вииторул" командасынан "Стяуаға" ауысса,
барлық матчта алғашқы минуттан бастап алаңға шығуға кепілдік береміз деп көрсетілген. Тіпті, қандай спорттық формада болмасын бұл бап өзгертілмейді дегені тағы бар.
Шамкен БАЙЫРБЕК.