Жарнама
Жарнама

Стойчо Младенов: Есеп 2:0 болғанда біз үшін ойын аяқталған еді

12.08.2018, 17:31
Жарнама
Жарнама
«Қайсар» ФК бас бапкерінің «Ақтөбемен» өткен ойыннан кейінгі пікірі – 3:1 -Бірінші таймда біздің ойыншылар топтаса ойнай білді, бірақ қарсылас команда ойыншыларын жабу үшін орын ауыстырып үлгермей жатты. Сол үшін де біз «Ақтөбеге» басымдылық беріп қойдық. Екінші таймда «Ақтөбе» бізге қарағанда мықты көрінді. Біз қорғаныста қарсыласқа есе жібердік, айып соққысы кезінде айып алаңында қателік жасадық. Сосын – қапталда қателік жасап, Валиуллин қақпашымен бетпе-бет шығып, екінші голды соқты. 2:0, біз үшін ойын аяқталған еді. Ойынға қайта оралғандай болдық, пенальти орындадық. Бірақ Тағыберген қызыл қағаз алып, бір ойыншымыздан айырылдық. Бір ойыншыға кем ойнау оңайға түспеді. Енді біз алда өтетін ойындарды ойлауымыз керек, себебі біз Тағыберген мен Коробкин секілді екі бірдей маңызды ойыншымыздан айырылдық. Біреуінде қызыл қағаз, екіншісінде төртінші сары қағаз. Гурманның жарақаты бар. Келесі ойында кімнің қалпына келерін көрерміз.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров