Ресейлік қақпашы Степан Сикач «Қайсар» сапынан кетті. Ол соңғы екі жыл қызылордалық команданың негізгі голкипері болған.
Жарнама
Жарнама
Осылайша «дала қасқырлары» маусым алдында көшбасшы ойыншыларының бірінен айырылып қалды. Ал Степан болса енді Грузия чемпионатында өнер көрсетеді. Сикачқа «Динамо» Тбилиси клубы қызығушылық танытып, қолайлы келісім-шарт ұсынып отыр. Ол көп ойланбастан динмолықтардың ұсынысын қабылдап, грузиялық команданың қатарына қосылды. Ресейлік голкипер былтыр «Қайсар» сапында 23 ойын өткізіп, соның 6 матчында қақпасына гол жібермеген.