Жарнама
Жарнама

Ставка сатып, сыбағасын алған

Бұл оқиға өмірде болған және әлі де болатын сияқты...
Жарнама
Жарнама

Алматы миллиондардың қаласы. Асқар алатаудың етегіндегі алып шаһарда 3 миллион адам жүр. Оның ішінде аласы да, құласы да бар. Бір достарыммен дастархандас болып отырып мына әңгімені естідім. Таныс жігіт өзінің құрдасы жайлы әңгімеледі.

Ғаламтор енді дамып, интернетке қолымыз жетіп, ставканы да алғаш болып сайттан қоя бастаған кез. Ғалымжан есімді жігіт керемет комбинация ойлап табады. Инстаграмм парақша ашып алғашқыда тегін болжамдар жазып, спортқа байланысты қызықты ақпараттар мен видеолар жүктейді. Оқырмандары көбейіп, парақшасы гүлденеді. Одан енді қалай ақша табады? Әлбетте жарнаманы күніге ала бермейсің. Инстаграмм аккаунт атынан ставка сатуды қолға алады. "Достар, бүгінге жб пресс бар, алам деушілер жекеге жазамыз". Міне, осы хабарламаның өзі оған алғашқы қомақты қаржы ұстауға жеткілікті еді. "Ролланд Гарростың" финалы. Надаль мен Джоковичтің айқасы. Құм төсеніште Надальға тең келетін ешкім жоқ болса да, Новактың коэфиценті испаниялық жігіттікімен бірдей болып шықты. Джок ол кезде қырып-жойып жүрген шағы. Надальда сәл жарақат та бар.

Ставка сатып алуға алғашқы күні 80-ге жуық адам жазады. Бағасы арзан. Небәрі 5 мың теңге ғана. Аламыз деп тұрған 30 адамға тағы бір пост жазады. Жб коэфицентті финал ойынына беремін деп. Надаль мен Джоктың фанаттары жан-жақтан қаумаласын келіп. Сосын барып сатып алушылар саны 80-ге жетеді. Өзі инста парақшада негізі 45 мың адам бар. Сол 80 адамды ол 40/40 тан теңдей бөледі. Сүйтіп жартысына Надаль жеңеді деп, қалған қырыққа Джокович жеңеді деп болжам жібереді. Барлығы жазулы, қалың дәптерде тізіліп сайрап тұр. Міне, жексенбі күні алғашқы 400 мың теңге ақша түсе қалды. Финалда Надаль жеңіске жетіп, 40 адам дән риза. Қалған 40 адамның біразы қарғыс жаудырды, біразы тағы да жб аламызға көндікті.

Осылайша, футбол матчтарына болжам берген ол "тотал көп" пен "тотал кем" дегенді халыққа теңдей бөліп беріп жүрді. Жеңіп, ставкасы шығып, дән риза болған жігіттер келесі жолы жолдастарын ертіп келе бастады. Бір клиент кетеді, бір клиент келеді дегендей. Аптасына екі реттен ставка сатып, айына 2 миллион теңге көтерген кездері де болған. Міне, Ғалымжан осылай астына көлік алды, өсті-өнді дегендей. Бұл ісін жалғастыра берсе де болатын еді, алайда Ғалымжан алаяқтықты қойып, ақыл тоқтатып, нағыз жұмысқа кіріп, алған жалақысын дұрыс жаратып өмірдің ләззатын ала бастады. Әйтпесе жылдам келген ақша, жылдам кетеді. Маңдай терің сіңбеген соң бәрі алдамшы емес пе? Оның қадірін адам еш уақытта түсіне алмайды. Ғалымжанның бұл "кәсіпті" қоюына тағы бір себеп бар. Шымкентте тұратын ара ағайын ағасы осы ставканың кесірінен өз-өзіне қол жұмсады. Қарызы көбейіп кетсе керек, жақсы көретін ағасы аула ішіндегі қораға кіріп асылып қалған. Осының барлығы Ғалымжанға түрткі болды. Қазір молодес, ешкімнен ставка сатып алмайды, 5000 теңгеден артық крупняк қоймайды. Уот так, жігіттер!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров