ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжанов ұлттық құрама бас бапкерінің орнынан кетуіне байланысты пікірін білдірді.
«Қазақстан құрамасының бас бапкерін тағайындау не орнынан алу тек ҚФФ президентінің құзырындағы шаруа. Марат Талғатұлы алдағы уақытта бұл қызметке жаңа маманды тағайындайды деп ойлаймын. Ал оның кім болатыны, қайталап айтайын, тек қана біздің федерация президентінің қолындағы дүние», - деді С. Хамитжанов.
Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстаған. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинаған болатын. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Біздің серіктес: FONBET