Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесовке Ираннан 2,5 млн еуро көлеміндегі ұсыныс түскен

05.03.2025, 10:42

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесовке 2,5 миллион еуро жалақы ұсынылды.

Станислав Черчесов
Жарнама
Жарнама

Аты аталмаған ирандық клуб ресейлік маманға осындай ұсыныспен шыққан екен. Алайда, С. Черчесов оны қабыл алмаған көрінеді. Бұл туралы «Футбол России» бағдарламасының жүргізушісі Илья Казаков мәлімдеген болатын.

«Мен үшін ақша ешқашан мотивация болған емес. Рубль де ақша, оны да адал ақтауың тиіс. Бұл жерде өзіндік мәселелер бар. 

Әзірге Ресейдемін. Өз елімде жұмыс істесем деген ниетім бар. Сондықтан, күте тұрамыз», - деді Черчесов «Россия 24» телеарнасының эфирінде.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен биыл жыл басында кетті. Оның жаттықтыруымен ұлттық құрама алты ойынның бесеуінде жеңіліс тауып, бірде-бір гол соға алмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров