Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов: Зайнутдинов деген менің дертім

Бүгін, 12:22

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасы мен стамбулдық «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов туралы айтты.

Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында
Жарнама
Жарнама

Тараз футболының түлегі биыл «қырандар» сапында барлық турнирлерде 9 ойында алаңға шыққан. Еуропа Лигасында голдық бір пас берді. Футболшының қазіргі нарықтық құны 3 млн 70  мың еуро.

«Зайнутдинов деген бұл менің дертім. Құрамаға келмей тұрып-ақ, оның клубтағы тағдырының қалай боларын білгем. «Бешикташтағылардың» көбісін танимын, араласып тұрамыз. Жаңа бапкердің оған сенім артпайтынын түсіндім. Ақыры солай болды да.

Қазір енді ойнап жүр, өзімен хабардамыз. Ары күні Кубок үшін болған сайыста доп тепті. Құрамда болғаны қуантады. Мұндай деңгейдегі клубтың бірде-бір футболшысына үнемі 90 минут бойына алаңда жүремін деп ойлауы қателік. Бәсекелестік ортасы бар, адам шаршауы мүмкін, ескерту қағазын алады дегендей тағысын-тағы осындай дүниелерді ұмытпау керек. Біз әрине осыған дейінгідей тек 5-7 минут емес, көбірек жүгірсе екен дейміз. Құраманың көшбасшысы алаңға санаулы минутқа ғана шығып, кейін ұлттық команда жейдесінде қалайша жоғары деңгейде өнер көрсете алады? Бұлай болмайды», - деген болатын С.Черчесов.

Айта кетейік, Қазақстан наурызда ӘЧ-2026 іріктеуі турнирінің матчтарында өнер көрсетеді. Станислав Черчесовтың командасы J тобында Бельгия, Солтүстік Македония, Лихтенштейн және Уэльс құрамаларымен шеберлік байқаспақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров