Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов «Спорт-Экспресс» басылымына көлемді сұқбат берді. Онда ресейлік маман Қазақстаннан не үшін кеткені туралы сауалға да жауап берген болатын
«Бұл менің жалғыз өзімның шешімім емес қой. Егер жұмысты жарты жолдан тастап, Қазақстан құрамасынан кеткен болсам, өкінуге болатын еді. Ал маған өзім ойлаған жұмысты соңына дейін жеткізуге мүмкіндік бермесе, мені өзге адамдардың шешімі несіне өкіндіруі керек екен?
Жауабы жоқ нәрсеге қалай жауап айтуға болады? Мен бұл жерде ӘЧ-2026-ға жолдама алуды айтып тұрмын. Мысалы, мына 0:15 менің нәтижем делік. БАҚ-қа да талғажау ететін бірдеңе керек қой, сондықтан мені естеріңізге алып қойыңыздар. Алайда, біздің бапкерлік құрам әрине өзінің кезінде сол 0:15-ті басқа санға ауыстыру үшін қолдан келгеннің барлығын істеген еді», - деді С.Черчесов.
Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Біздің серіктес: FONBET