Жарнама
Жарнама

Станислав Черчесов: функционерлер қазіргі жағдайда өзге бапкер керек деп шешіпті

28.01.2025, 10:11

Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кеткен соң алғашқы сұқбатын берді.

Станислав Черчесов
Жарнама
Жарнама

Ресейлік маман «СЭ» басылымына берген сұқбатында жауапты лауазымнан кетуінің жай-жапсарын түсіндіріпті.

«Қаңтардың басында Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровпен танысып, әңгімелестім. Сол кезде 2026-ӘЧ-ге іріктеу аясында болатын наурыздағы ойындарға дайындық кезеңінің нақты жоспарларын таныстырып, бағыт-бағдарымызды баяндап бергем. Ал бүгін таңертең Мәскеуде бұрыннан таныс ҚФФ бас хатшысы Саян Хамитжановпен жүздесіп, оған да алдағы іріктеу мен жоспарларымыз туралы айтқам. Ол федерация басшылығымен хабарласқан соң, функционерлер қазіргі жағдайда өзге бапкер керек деп шешіпті. Ал өзге де мән-жайын білмедім. Осыдан кейін ақпаратты заңгеріме жеткізгем, ол қазір менің және көмекшілерімнің келісімшарттарын үзудің шаруасымен айналысуда», - деді С. Черчесов.

Еске салсақ, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.    

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров