Станимир Стойлов: Мен ешкімге Қазақстанның төлқұжатын таратып берген жоқпын
05.09.2018, 21:29
Жарнама
Жарнама
Ертең 6 қыркүйек күні Астанада Ұлттар лигасының алғашқы туры аясында Қазақстан мен Грузия құрамасы кездеседі. Осы ойынның алдында бүгін «Астана Аренада» Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов баспасөз мәжілісін өткізді.
Болгариялық бапкерге тілшілердің бірі жақында ұлттық құрамаға шақырылған «Тобыл» қақпашысы Дмитрий Непогодов жайлы сауал қойған еді.
– Құрамаға не үшін украиналық қақпашы Дмитрий Непогодовты шақырдыңыз?
– Мен ешкімге Қазақстанның көк төлқұжатын таратып берген жоқпын. Ол – Қазақстан азаматы. Маған футболшының ұлты кім, қайда туды маңызды емес. Егер футболшыда Қазақстанның құжаты болса, құрамада ойнауға себеп бар деген сөз. Дәл солай Эричке де азаматтықты мен берген жоқпын. Сондықтан бұл туралы менен сұрамаңыздар.