Жарнама
Жарнама

Станимир Стоилов: Күн-райы керемет, бірақ алаң нашар

10.09.2018, 02:34
Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов матч алдында тілшілермен кездесті. - Грузиямен болған ойыннан соң бірден Андорраға ұшып келдік. Таулы аймаққа бірден бой үйреністік. Күн райы да тамаша екен. Алайда, мұндағы жасыл алаңның сапасы сын көтермейді. Жасанды алаңның сапасы біздің "Аренадағыдай" емес. Дегенмен, амал жоқ осы алаңда ойнауға тура келеді. - Матчқа таңдаған арнайы бір тактикаңыз бар ма? - Жоқ. Ең бастысы біз өзіміздің ойынымызды ойнай беруіміз керек. Сонда жеңіске жететініміз анық. Басты мақсатымыз 3 ұпай. Жеңіске жетуге бар күшімізді саламыз. Андорраның Латвияға қарсы өткен ойынын көріп, таңқалып қалдым. Андорра өте ұйымшыл команда екен. Тек қорғаныста ғана емес, шабуылда да жақсы ойнайтын болыпты.

Ермұхамед МӘУЛЕН,

Андорра

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров