Жарнама
Жарнама

Срджан Благоевич: «Алдағы екі матчта жақсы нәтижеге қол жеткізсек, қайтадан жоғары деңгейге көтерілеміз»

17.05.2021, 15:51
«Каспий» келесі турда «Шахтерді» қабылдайды.
Жарнама
Жарнама

"Каспийдің" бас бапкері Срджан Благоевич "Қызыл-Жарға" қарсы өткен ойын (0:2) туралы пікір білдірді:

- Мен, ең алдымен, "Қызыл-Жарды" лайықты жеңісімен құттықтағым келеді. Осыдан бір апта бұрын мен біздің ең жақсы ойынымыз "Ордабасыға" қарсы болды деп айттым, бірақ қазір кешегі матч біз ойнаған ойындардың ішіндегі ең әлсізі болғанын мойындаймын. Біз алдымызда не күтіп тұрғанын болжадық, сценарий анық болды, бірақ оған дұрыс жауап бере алмадық. 

Мені мазалайтын тағы бір өте маңызды нәрсе бар. Бізге байсалды команда болуға бірдеңенің жетіспейтінін көптен бері айттық, бірақ әлі де болса біз бұл "кішкене кемшілікті" түзете алмаудамыз. Кішкентай бөлшегі деп отырғанымыз - бұл спорттық батылдықтың болмауы және қонаққа барғанда ұпай жинау үшін қажет болатын үлкен амбиция. Мен жауапкершілікті өз мойныма аламын, өйткені мен жетістіккке жету үшін тұрақты ойын жүйесін таба алмадым.

Мен көңілім қалды, өйткені мен басқа нәтижені күттім. Бізді ерекше, ешкім болжап білмейтін чемпионат күтіп тұр және бұл турнир аяқталмай тұрып, біз көптеген қиындықтарға қарсы тұруымыз керек. Мүмкін келесі ойынның төрт күннен кейін болатыны жақсы шығар. Мен командадан оң реакция күтемін және бұл біздің көңіл-күйімізді жақсартуға жақсы мүмкіндік болады. Ұпайлардың айырмашылығы көп емес, екі матчта жақсы нәтижеге қол жеткізсек, қайтадан жоғары деңгейге көтерілеміз, сондықтан ойын сапасында да, психологиялық тұрақтылықта да бір жүйе қажет.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров