![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/08/смаков-349x390.jpg)
Аты аңызға айналған футболшы Самат Смақовтың ойыншы мансабын аяқтауына орай ұйымдастырылған халықаралық жолдастық матчты QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Матчқа кезінде «ақ-қызылдар» сапында ойнаған ойыншылардан құралған «Ақтөбе ардагерлер» командасы мен кезінде Смақовпен бірге ойнаған және басқа командаларда ойнаған «Смақовтың достары» командасы қатысады.
Матч Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионында өтеді. Басталуы – 17.00 (АКТ), 18.00 (АСТ).
«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі.