Жарнама
Жарнама

Швеция бапкері жеңіс голын асыра тойлаған неміс құрамасын сөгіп тастады

25.06.2018, 04:04
Жарнама
Жарнама
  Швеция құрамасының бас бапкері Янне Андерсонған неміс футболшыларының өз жеңісін тойлағаны ұнамай қалған. Маман ойын соңында қарсыласының көз алдында соғылған голға қуанғаны үшін Германия құрамасының штабына ашуланған деп хабарлайды NUR.KZ. "Немістер 95-ші минутта соғылған голды өте шулы түрде тойлап әдепсіздік танытты. Мен олардың мұндай әрекеттерін көріп қатты ашуландым. Әдетте, ойын аяқталғанда біз жай ғана қол алмасып тараймыз. Ал олар болса біздің көзімізше секіріп тойлап жатты", -деп өз ренішін білдірді бапкер. Айта кетейік, екі құрама арасындағы ойын 2:1 болып, Германия жеңісімен аяқталды. Неміс құрамасына жеңісті 95-ші минутта гол соққан Тони Кроос алып берді. Топтық кезеңнің соңғы айналымында Швеция Мексикамен кездессе, Германия құрамасы Оңтүстік Корея мен ойын өткізеді.Бұл топтан келесі кезеңге нақты кім шығатыны белгісіз болып отыр.

nur.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров