Жарнама
Жарнама

Ширек финал ойындарының кестесі (Астана уақытымен)

05.07.2018, 18:15
Жарнама
Жарнама

Футболдан Ресейдегі 2018 жылғы Әлем чемпионатының ширек финал ойындары 6-7 шілде күндері өтеді. Ең алғаш болып Уругвай және Франция құрамалары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. «Нижний Новгород» стадионында өтетін ойынның тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыз. Уругвай - Франция 06.07.2018 20:00 6 шілдедегі екінші ойында Уругвай-Франция матчының жеңімпазына жартылай финалда қарсылас атанатын команда белгілі болады. «Қазан Арена» стадионында өтетін ең мықты командалардың кездеседі. Оны Қазақстанның екі бірдей телеарнасы - Qazsport және Qazaqstan тікелей эфирден көрсетеді. Бразилия - Бельгия 06.07.2018 00:00 _________________________ 7 шілде күні жартылай финалдың екінші жұбы анықталады. 20:00-де Сочидегі «Фишт» стадионында дода қожайындары Хорватиямен өзара күш сынасады. Ойынды Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан көруге болады. Ресей - Хорватия 07.07.2018 20:00 Олардың қарсыласы - Еуропаның екі мемлекеті арасындағы тартыс «Самара Арена» стадионында болады. Бұл ойынды да Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Швеция - Англия 07.07.2018 00:00

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров