Шотландиялық сарапшы Джош Блэк «Бешикташ» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың әмбебаптығына жоғары баға берді.
«Футболшылардың жүктемесі үздіксіз өсіп отырған заманауи футболда әмбебап футболшы таптырмас құндылық саналады. Бірнеше позицияны жаба алатын универсалдығы Зайнутдиновты кез-келген клуб үшін ерекше ойыншы етеді. Ал таланты мен еңбекқорлығы оның құнын тек қана арттыра түседі. Жіптіктей болғанына қарамастан Зайнутдинов теке-тіресте ешімге есе жібермейді, қарсыласты қыспаққа алуда, қарсыластың шабуылын тоқтатуда өте тегеурінді», - деді шотландиялық маман.
Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» мәскеулік ЦСКА-дан 2023-жылы ауысты. Трансфер құны 4,5 миллион еуроны құраған. Одан бөлек, «Тараз» және «Астана» жейдесінде өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET