Жарнама
Жарнама

«Шахтердің» бас бапкері қызметінен кетеді

10.04.2021, 03:20
Әлиевтің өзі қызметінен кетуді қалаған екен.
Жарнама
Жарнама

"Шахтердің" бас бапкері Әли Әлиев "Таразбен" болған матчтан кейін клуб басшылығынан қызметінен босатуды сұрады, деп хабарлайды Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.

"Куәгерлердің айтуынша, Әлиев клуб директоры Ерлан Уразаевпен сөйлескен. Бас бапкер клуб басшысына мына сөздерді айтқан көрінеді: "Кеш болмай тұрып, командадағы жағдайды өзгерткен дұрыс. Мұндай жеңілістен кейін бұл қызметте қалуға менің құқығым жоқ". Ия, сөзбе-сөз осылай айтты деп кепілдік бере алмаймын.

Клуб басшылығы біраз ойланғаннан кейін Әлиевтің бұл өтінішін қабылдады. "Таразбен" кездесуге дейін ешкім онымен қоштасқысы келмеді, клуб жаттықтырушыға сенім артты және жақын арада шабуыл шебін күшейткеннен кейін команда нәтижеге қол жеткізе бастайды деп сенді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров