«Шахтер» футбол клубы белгиялық жартылай қорғаушы Зиги Бадибангамен келісім-шартқа отырды.
29 жастағы ойыншы соңғы екі маусым бойы шымкенттiк «Ордабасы» сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ Бадибанга бельгиялық «Андерлехт», «Шарлеруа», голландиялық «Де Графсхап», грекиялық «Эрготелис», «Астерас», молдавиялық «Шериф» және кипрлік «Омония» клубтарында доп тепкен.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымның соңында Бадибанганың «Ордабасы» клубымен келісім-шарт мерзімі аяқталған болатын. Қыста бапкерлер құрамы ауысқаннан кейін шымкенттік клуб 29 жастағы футболшымен келісім-шартты ұзартқысы келмеді.
Біздің серіктес: FONBET