Жарнама
Жарнама

«Шахтер» - «Астана» матчы 31 қазанда өтеді

16.08.2018, 04:13
Жарнама
Жарнама
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымдағы Премьер-лига клубтары арасында футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының XXIII турындағы «Шахтер» - «Астана» матчының өтетін мерзімі өзгергенін хабарлайды. Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының әкімшілігіне «Астана» футбол клубының атынан елордалық ұжымның УЕФА Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне қатысуына байланысты «Шахтер» футбол клубымен алдағы турдың ойынын қосалқы күнге ауыстыру жөнінде екі жақты келісім келіп түсті. «Шахтер» - «Астана» матчы Қазақстан Чемпионатының күнтізбесінде қарастырылған қосалқы күнге, яғни 2018 жылдың 31 қазанына белгіленді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров