Қарағандының "Шахтер" ФК-ы Арменияның "Гандзар" клубының шабуылшысы Гегам Арутюнянды жалға алды.
Ақпаратты KazFootball.kz сайты клубтың ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
27 жасар шабуылшының қанша мерзім қарағандылықтар сапында өнер көрсетері анықталмаған, алайда қазақстандық клубтардың басым бөлігі ойыншылармен келісім-шартты жылдан аспайтын уақытқа жасайтынын ескерсек, ойыншы маусым соңына дейін ғана біздің елде болады.