Жарнама
Жарнама

Сергей Малый: «Чемпиондар Лигасыда кез-келген кездесу оңай болмасы анық»

18.07.2018, 14:47
Жарнама
Жарнама
Бүгін, «Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Сутьескаға» қарсы жауапты кездесу өткізеді. Осы матч алдында «Астана» футбол клубының қорғаушысы Сергей Малый алдағы кездесу туралы өз пікірімен бөлісті.

-         Астанадағы алғашқы ойыннан кейін Черногорияның баспасөз өкілдері елорда командасының ортаңқол команда екендігін айтап, тіпті ол кездесуде пенальти болмағандығын жазды. Осы пікірмен қаншалықты келісесіз?

-         Менің ойымша командаға бір ойыннан кейін баға беруге болмайды. Десе де, біз бірінші кезекте өз ойынымызға қараймыз. Сондықтан, бұл жақтағы БАҚ өкілдерінің не жазып жатқандығы аса маңызды емес. Біз өзімізге тән футбол үлгісін көрсетуге тырысамыз.

-         Ертеңгі кездесу қаншалықты қиын болады деп ойлайсыз?

-         Сырт алаңдағы өтетін ойын болғандықтан, әрине, оңай болмасы анық. Екіншіден, алғашқы ойын есебі 1:0. Сондықтан, біз өте қиын ойынға дайындалып жатырмыз. Бұл Чемпиондар Лигасы болғандықтан, кез-келген кездесу оңай болмасы анық. Алғашқы ойыннан кейін ешқандай босаңсу жоқ. Біз ертеңгі ойынға толықтай дайынбыз.

 

fcastana.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров