Жарнама
Жарнама

Сенбідегі уик-энд

14.09.2018, 23:41
Жарнама
Жарнама
Ұлттық құрамалардың ойындары ақталды. Енді Еуропада клубтық футбол қайта жалғасады. Назарларыңызға осы сенбідегі орталық ойындардың анонсын ұсынамыз. 15.09 (сенбі). Англия Басталуы: 17:30 (Астана уақыты» бойынша). «Тоттенхэм» – «Ливерпуль» Бесінші турдың орталық ойыны. «Ливерпуль» әзірге ұпай жоғалтқан жоқ. «Челси», «Уотфордпен» бірге 12 ұпаймен көшбастап келеді. «Тоттенхэм» тек соңғы «Уотфордтан» жеңіп қалды. Германия «Бавария» – «Байер» Басталуы: 19:30 (Астана уақыты» бойынша). Германия Бундеслигасының үшінші турда «Бавария» мен «Байер» кездеседі. Екеуі де Германия футболындағы танымал командалар. «Байер» алғашқы екі турда ұпай жинай алмады. Осы жолы Леверкузеннің командасы сырт алаңда көшбасшы командаға төтеп беруге тырысары анық. Италия «Наполи» – «Фиорентина» Басталуы: 22:00 Италиядағы алғашы бестікке кіретін екі команданың ойыны да жанкүйерлерге қызық болар. «Наполи» өткен турда «Сампдориядан» ірі есеппен ұтылып қалды. Сондықтан осы жолы өз алаңында қалайда үш ұпайға ие болу үшін аянып қалмайды. «Фиорентина» да осал қарсылас емес. Былтыр «Наполиді» 3:0 есебімен жеңгені бар. Испания Басталуы: 00:45 (16 қыркүйек) Испанияда «Реал» өз алаңында «Атлетикті» қабылдайды. Роналду кеткенімен, Мадрид командасы чемпионатта сенімді ойнап жүр. Алғашқы үш турда ұпай жоғалтқан жоқ. Өз кезегінде Бильбаодан келетін футболшылар да кез келген командаға төтеп бере алады. Жанкүйерлерді қызықты кездесу күтіп тұрғаны анық.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров