Жарнама
Жарнама

Сейдахмет пен Зайнутдинов жанкүйерлермен кездесті

01.09.2018, 21:10
Жарнама
Жарнама
Қазақстан ұлттық құрамасының жас ойыншылары Еркебұлан Сейдахмет пен Бахтиер Зайнутдинов УЕФА Ұлттар Лигасының Грузия құрамасына қарсы кездесу қарсаңында Астана қаласының «Asia Park» СОО-да жанкүйерлермен кездесті.
Арнайы ұйымдастырылған шара барысында байқаулар мен викториналар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, шара қонағы ретінде белгілі әнші Алмас Кішкенбаев шақырылған екен. Алайда, шараның басты оқиғасы Еркебұлан мен Бахтиердің жанкүйерлерге берген қолтаңбалары мен олармен бірге түскен естелік суреттері еді.
   
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров