- Кез келген жеңіліс оңайға соқпайды. Команда бірінші таймда бізге жақсы әсер қалдырды. Алайда екінші таймда күш жетпегендей көрінді. Оның үстіне Кипрде күн өте ыстық болды.Еркін көсіліп ойнауға мүмкіндік бермеді. Соңғы кездері функционалдық ойға түсіп кетті. Бүгінгі матчта тіркелген есеп, Кипр командасына үлкен басымдық береді. Былайша айтқанда қазіргі кезде бұл жұпта АПОЭЛ фаворит. Дегенмен қарымта ойынды өз алаңымызда өткіземіз. Таразының басын өз жағымызға бұру үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз. Кімнің Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуге лайықты екенін бір құдай біледі.
- Өзіңіз атап өткен команданың соңғы кездегі функционалдық кризисін немен байланыстыруға болады?
- Меніңше, негізгі себеп, біз команданы қыста Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде «Спортингпен» кездесу үшін ерте дайындадық. Былтыр маусымды кеш аяқтадық. Футболшыларға өте аз уақыт демалыс берілді. Бірден оқу-жаттығу жиындары басталып кеті. Біз маусым барысында осындай аздаған кризистің болатынын сездік. Өкінішке қарай, дәл сол кризис шешуі сәтке келіп тірелді. Қазіргі кезде бапкерлер құрамына осы мәселені шешу жүктеліп отыр. Олар бұл тығырықтан қалай шығатынын алдағы уақытта білетін боламыз.
Біздің серіктес: FONBET