Жарнама
Жарнама

Саян Хамитжанов: Қарсыласымыз өте қарымды

20.06.2018, 02:25
Жарнама
Жарнама
«Астана»2018/19жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасы бірінші іріктеу кезеңінде«Сутьеска» (Черногория)командасына қарсы ойнайды. Жеребе қорытындысы туралы клуб Президенті Саян Хамитжанов өз пікірімен бөлісті, деп жазады елордалық клубтың ресми сайты. - Бізге қазақстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс емес команда қарсылас атанғандығына қарамастан, ешкім де оңай қарсыласқа тап болдық-ау деген ой болмауы тиіс. «Сутьеска» командасы «Рома» және «Ювентус» сапында жасындай жарқылдаған Черногорияның үздік ойыншыларының бірі Мирко Вучиничті тәрбиелеген клуб. «Сутьеска» - Черногорияның қазіргі чемпиондары. Ал бұл құрама 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасын екі ойында 8-0 есебімен жеңген болатын. Балқан түбегінің командалары жаңашыл, агрессияға толы ойын көрсететін, өз қатарына шебер ойыншылар жинақтаған мықты ұжымдар. Сондықтан, «Астана» бапкерлер құрамы аз ғана уақыт ішінде қарсылас команда ойынын талдап үлгеріп, екі ойыннан тұратын теке-тіреске толықтай дайын болады деген сенімдемін. «Астана» осыған дейін Черногория елінің клубтарымен бірде-бір мәрте жолыққан жоқ. Сол себепті, алдағы кездесу жанкүйерлер үшін қызық болады деген ойдамын.

prosports.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров