Жарнама
Жарнама

Саян Хамитжанов: «Данияда бізді қиын ойын күтіп тұр»

25.07.2018, 05:05
Жарнама
Жарнама
«Астана» Президенті 2018/19 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің 2-ші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана» - «Мидтьюлланд» (Дания) командалары арасындағы елордалық ұжым 2:1 есебімен жеңген алғашқы кездесу туралы пікір білдірді, - деп клубтың баспасөз қызметі хабарлады. — Жеңіске жету қиын болды, бірақ шешуші гол ойынның соңғы секундтарында соғылғаны біздің жаңарған командамыз жігерлі екенін дәлелдейді. Команданың ойыны жүрмей тұрғанда да, ойыншылардың алға ұмтыла бергенін барша жұрт көрді. Өздеріңіз білесіздер, «Астанаға» бір топ жаңа ойыншылар келіп қосылды. Кездесу соңында қарсыластардың қақпасын қыспаққа ала түстік, зор қысым жасауға стадиондағы жанкүйерлердің қолдауы басты рөл атқарды. Бүгінгі жеңісте жанкүйерлердің де үлесі бар, «Астана» фанаттарының қолдауы команданы жігерлендірді. Еуропалық ойындарымызға келетін жанкүйерлердің саны ойыннан-ойынға артып келеді. — Даниядағы ойын қалай болады? — Ол өте қиын ойын болады, қарсыласымыздың деңгейі жоғары екенін бәріміз көрдік. Қарсылас бізге өзінің ойынын өткізуге, «бірінші нөмірмен» ойнауға ұмтылып жатыр. Бірақ біз «Астананың» бапкерлер штабы қысқа уақытта бүгінгі ойыннан қорытынды шығарып, Данияға барынша дайындалған команданы апарады деп сенеміз.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров