Біз Твумасидің трансферінде бірінші кезекте ойыншының өз қалауына назар аудардық. Патрик «Астананы» Қазақстанның жетекші клубы ретінде қалыптастыру үшін көп нәрсе жасады. Бұл футболшы елімізде де, халықаралық деңгейде де «Астана» футбол клубының жетістіктеріне үлкен үлес қосты. Твумаси біздің командаға 5 маусымын арнап, «Астана» тарихындағы үздік сұрмерген атанды. Сондықтан да, оған өз еңбек жолында жаңа жаңалық қажет болды.
Біздің ойыншыларымыздың Әлемдегі ең күшті клубтық чемпионат - испан Ла-лигасының клубтары арасында қызығушылық тудыруы, «Астана» футбол клубының беделін және деңгейін атап көрсетеді. Өткен жылғы Неманья Максимовичтің «Валенсияға» ауысуы да, «Астана» футболшыларынан мықты чемпионаттарға ауысу туралы жаңа үрдіс басталды деуге болады.
Бапкерлер құрамы, ойыншылар, клуб басшылығы және қызметкерлері атынан «Астана» сапында өнер көрсеткен жылдардағы жасаған барлық істері үшін Твумасиге алғыс айтамыз және Патрикке спорттық мансабында жаңа биіктерге жетуге тілектестік білдіреміз!
Біздің серіктес: FONBET